KZ
RU
EN
21 шілде 2026, 23:36
KZ
RU
EN
Кіру
02.07.2026 16:21 #Корпоративтік уақиғалар

31 шілдеде "Матен Петролеум" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама

/KASE, 02.07.26/ – "Матен Петролеум" АҚ (KASE тикері – MATN) 2026 жылғы 31 шілдеде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

қоғамның 2025 жылғы аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту;

қоғамның 2025 жылғы есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібі мен нысанын айқындау және 2025 жыл үшін қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту. Дивиденд төлеу басталатын күнді айқындау;

2025 жылы акционерлердің қоғам мен оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне қатысты өтініштерін қарау және оның қорытындысы.

Осы жиналыстың өткізілетіні туралы хабарлама мына сілтеме бойынша орналастырылған – толығырақ

[2026-07-02]