KZ
RU
EN
6 шілде 2026, 12:24
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.07.2026 16:17 #Корпоративтік уақиғалар

"Alatau City Bank" АҚ Директорлар кеңесі банктің облигацияларының төрт шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 02.07.26/ – "Alatau City Bank" АҚ (KASE тикері – TSBN) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

Банктің Директорлар кеңесі 29.06.2026 жылы мынадай шешім қабылдады:

  • "Alatau City Bank" АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын қамтамасыз етілмеген атаулы купондық субординацияланған облигацияларды (ATFBb16, ISIN – KZ2C00004059) мерзімінен бұрын кері сатып алу; облигациялардың номиналды құны – шығарылым проспектісінде айқындалған және бір облигация үшін 1 000 (бір мың) теңгені құрайтын құн; саны – 75 174 317 (жетпіс бес миллион жүз жетпіс төрт мың үш жүз он жеті) дана.
  • Қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларды (TSBN29, ISIN – KZ2C00002939) мерзімінен бұрын кері сатып алу; облигациялардың номиналды құны – шығарылым проспектісінде айқындалған және бір облигация үшін 1 (бір) теңгені құрайтын құн; саны – 10 000 000 000 (он миллиард) дана.
  • Қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларды (TSBNb28, ISIN – KZ2C00002921) мерзімінен бұрын кері сатып алу; облигациялардың номиналды құны – шығарылым проспектісінде айқындалған және бір облигация үшін 1 (бір) теңгені құрайтын құн; саны – 22 400 000 000 (жиырма екі миллиард төрт жүз миллион) дана.
  • Қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларды (TSBNb35, ISIN – KZ2C00004455) мерзімінен бұрын кері сатып алу; облигациялардың номиналды құны – шығарылым проспектісінде айқындалған және бір облигация үшін 1 000 (бір мың) теңгені құрайтын құн; саны – 17 716 211 (он жеті миллион жеті жүз он алты мың екі жүз он бір) дана.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген облигациялардың (KZ2C00004059, KZ2C00002939, KZ2C00002921 және KZ2C00004455) кері сатып алу бағасы облигацияның номиналды құнын, сондай-ақ "Alatau City Bank" АҚ облигацияларын мерзімінен бұрын кері сатып алу жөнінен жасалатын мәмілелер бойынша төлем жүргізілетін күнге есептелген купондық сыйақыны қамтитын облигация бағасы болып табылады.

дәйексөздің соңы

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-07-02]