KZ
RU
EN
3 шілде 2026, 01:43
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.07.2026 14:41 #Қаржы құралдары

02 шілдеден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00018703 (BTRKb33) және KZ2C00018695 (BTRKb34) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 02.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 01 шілдесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2C00018703 (BTRKb33; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықтың нәтижелері бойынша анықталатын болады;30/360);
  • KZ2C00018695 (BTRKb34; 1 000 KZT, 60,5 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықтың нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 02 шілдесінден бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн KZT сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 16-шы және 17-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-02]