Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 маусымнан бастап Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 01.07.26/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 2026 жылдың 30 маусымЫНдағы шешімімен, 2026 жылдың 30 маусымынан бастап қолданысқа енгізілген, "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына № 13 өзгертулер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.
Түзетулерде мыналар көзделген:
- KASE мүшелерімен ақпараттық жүйелер мен өзара іс-қимыл арналарының әмбебап атауын қолдану мақсатында "Биржаның электрондық қызметтер платформасы" термині енгізілді;
- KASE мүшелігіне қабылдау туралы өтініш үлгісі өзектендірілді.
Бұдан басқа, 2026 жылдың 30 маусымынан бастап KASE "Кәсіби этика және іскерлік мінез-құлық ережелері" атты ішкі құжатының күші жойылды деп танылды. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушылардың әділ мінез-құлқының жалпы этикалық нормалары мен қағидаттары Қағиданың 4-1 бабында бекітілген.
Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Мүшелік" қалташасы).
[2026-07-01]