KZ
RU
EN
1 шілде 2026, 17:13
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2026 15:51 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың маусым айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 01.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолуды ұсынады.

2026 жылдың маусым айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 75 эмитенттің 88 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 47,6 трлн KZT ($97,9 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 0,2 трлн KZT немесе 0,4 %-ға жоғары.

-------------------------------------------------------------
                         30 маусым   29 мамыр                
                              2026       2026        Δ   Δ, %
----------------------- ---------- ---------- -------- ------
Капитализация, млрд KZT  47 582,02  47 438,15   +143,9   +0,3
Капитализация, млн USD   97 941,67  97 699,82   +241,8   +0,2
-------------------------------------------------------------

2026 жылдың маусым айында акциялармен сауда-саттық көлемі 24,8 млрд KZT құрап, мамырдың қатысты 16,5 %-ға немесе 4,9 млрд KZT төмендей отырып. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,1 млрд KZT, мәмілелердің орташа күндік саны – 9 155, бір мәміленің орташа көлемі – 123,2 мың KZT құрады. маусымда акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан ең белсенді жеке тұлғалар болды, олардың үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 53,2 %-ы тиесілі болды, банктердің үлесіне – 0,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 13,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 7,0 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 25,8 %. Бейрезиденттердің үлесі 27,0 % құрады.

KASE Индексінің мәні маусым айында 1,60 % төмендеді, айдың соңына қарай 7 712,53 тармақты құрады.

2026 жылдың маусым айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 22,8 млрд KZT құрады, бұл мамырдың айындағы көрсеткіштен 5,8 млрд KZT төмен. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі – 6,9 млрд KZT (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 30,2 %) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ жай акцияларына келді.

-------------------------------------------------------------------------------------------
                            Соңғы мәміленің бағасы,    Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
                                    бір акцияға KZT                 млн KZT        млрд KZT
         Free ------------------------------------- ----------------------- ---------------
       float,                            с 01.01.26                                        
            %  30 маусым  29 мамыр  Δ, %       Δ, %   маусым    мамыр  Δ, %        30.06.26
------ ------ ---------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- ---------------
KMGZ     12,2  33 990,00 31 275,00  +8,7      +56,5  6 910,3 11 499,6 -39,9        20 678,3
KCEL     34,1   3 234,00  3 207,00  +0,8       -4,4     89,3    414,4 -78,4           640,9
AIRA     58,8     653,00    651,01  +0,3      -28,2    766,8    606,6 +26,4           232,6
KEGC     15,0   1 444,70  1 442,20  +0,2       -7,1    499,2  1 156,0 -56,8           397,2
CCBN     36,3   4 615,00  4 630,00  -0,3       -1,0  1 314,6  1 067,7 +23,1           814,2
KZTK      8,7  40 050,00 41 709,97  -4,0       -7,7    423,4  3 568,9 -88,1           436,7
KSPI     33,9  41 905,00 44 129,00  -5,0       +3,8  1 307,5  1 151,1 +13,6         7 999,5
HSBK     38,0     362,80    385,00  -5,8       -2,4  4 916,0  4 322,9 +13,7         3 930,1
KZTO     10,0   1 133,99  1 211,24  -6,4      +19,4  1 401,5    944,9 +48,3           435,1
KZAP     25,0  34 360,00 36 740,00  -6,5      +22,5  5 198,5  3 856,0 +34,8         8 844,6
Индекс      –   7 712,53  7 838,16  -1,6       +9,7 22 827,1 28 588,1 -20,2               –
KASE                                                                                       
-------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияның капитализациясы

[2026-07-01]