KZ
RU
EN
1 шілде 2026, 17:16
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2026 12:45 #Бағалы қағаздар

"HALYK FINANCE" АҚ "БӘЙТЕРЕК "ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ XS3358410002 (BTRKe6) ДОЛЛАРЛЫҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

/KASE, 01.07.26/ – "Halyk Finance" АҚ бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде Қазақстандық қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы хабарлама берді:

дәйексөздің басы

БҰЛ ХАБАРЛАМА АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА (БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫ (QIBs) ҚОСПАҒАНДА, ОЛАР ДА БІЛІКТІ САТЫП АЛУШЫЛАР (QPs) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ДЕЛДАЛДАР АРҚЫЛЫ, ТОЛЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ БІР БӨЛІГІНДЕ, СОНДАЙ-АҚ КАНАДА, АВСТРАЛИЯ НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ АУМАҒЫНДА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН

ОСЫ ХАБАРЛАМА АДАМДАРДЫҢ БЕЛГІСІЗ ТОБЫ АРАСЫНДА ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН ЖӘНЕ ТЕК "ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҒАНА ЖОЛДАНҒАН. ОСЫ ХАБАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ

Осымен "Halyk Finance" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінен шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылатын "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (Эмитент) облигацияларын (бұдан әрі – еурооблигациялар) қосымша орналастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Инвесторлардан барлық өтінімдер KASE-де ASTS+ (қор нарығы) сауда- клирингілік жүйесі (бұдан әрі – сауда-клирингілік жүйе) арқылы қабылданады (Тикері – BTRKe6_).

KASE-де сауда-клирингілік жүйе арқылы әлеуетті инвесторлардан өтінімдерді қабылдау еурооблигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде, еурооблигацияларды орналастырудың сол шарттарында (оларды орналастыру бағасын анықтау шарттарын қоса алғанда) оларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегідей басталады.

Бірлескен Букраннерлер: J.P. MorganSociete Generale және Halyk Finance

ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Эмитенттің Атауы:                                            "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ                                                       
Эмитент Рейтингтері:                                         Baa1 (тұрақты) Moody's агенттігінің шәкілі бойынша                       
                                                             BBB (тұрақты) Fitch агенттігінің шәкілі бойынша                          
Еурооблигациялар                                             Baa1 (Moody’s) / BBB (Fitch)                                             
шығарылымының рейтингтері:                                                                                                            
Орналастырылған еурооблигациялар шығарылымының параметрлері: еурооблигациялардың қысқаша сипаттамасы:                                 
                                                             ағылшын құқығына сәйкес шығарылатын және 144а                            
                                                             Ережесіне ("Rule 144A") және S Ережесіне ("Regulation s")                
                                                             сәйкес орналастырылатын аға қамтамасыз етілмеген                         
                                                             борыштың еурооблигациялары еурооблигациялар                              
                                                             шығарылымының номиналды көлемі – 500 млн АҚШ                             
                                                             доллары купондық мөлшерлеме – әр 6 ай сайын                              
                                                             төлемдермен жылдық 5,200 %                                               
                                                             шығарылған күні – 2026 жылдың 6 мамыры; өтеу күні – 2033 жылдың 6 мамыры 
                                                             ISIN: XS3358410002, US05709XAA81                                         
Еурооблигацияларды қосымша                                   Өтінімдерді жинау нәтижесінде анықталатын болады                         
орналастырудың күтілетін                                                                                                              
номиналды көлемі:                                                                                                                     
Еурооблигацияларды қосымша                                   АҚШ доллары                                                              
орналастыру валютасы:                                                                                                                 
Еурооблигациялардың қосымша                                  XS3435234599 (еурооблигацияларды қосымша орналастыру                     
эмиссиясы (қосымша орналастыру)                              бойынша есеп айырысу күнінен бастап 40 күн кезеңіне уақытша ISIN)        
бойынша ISIN:                                                                                                                         
Есеп айырысу валютасы:                                       Еурооблигациялар бойынша барлық есеп айырысулар                          
                                                             (қосымша орналастыру, купон және негізгі борыш төлемдері                 
                                                             бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда,                                  
                                                             АҚШ долларымен жүзеге асырылады)                                         
Деноминация:                                                 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары немесе 1 000 (бір мың)                 
                                                             АҚШ долларына еселенген үлкен сома                                       
Применимое право:                                            Ағылшын құқығы                                                           
Листинг:                                                     "Қазақстан қор биржасы" АҚ және Vienna MTF                               
Клиринговые расчеты:                                         Euroclear / Clearstream                                                  
Целевое назначение:                                          Эмитенттің еншілес компанияларына қаржыландыруды қоса                    
                                                             алғанда, жалпы корпоративтік мақсаттар                                   
Доходность к погашению по                                    инвесторлардың өтінімдерін жинау нәтижелері бойынша                      
доразмещению Еврооблигаций:                                  анықталады. Еурооблигацияларды қосымша орналастыру                       
                                                             кезінде өтеуге кірістілік бағдары – жылдық 5,45 %                        
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ:                                                                             
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімдерді қабылдау күні:                                   2026 жылдың 1 шілдесі                                                    
Өтінімдерді қабылдаудың басталу                              Алматы уақытымен 14: 00                                                  
уақыты                                                                                                                                
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу                              Алматы уақытымен 19: 00                                                  
уақыты:                                                                                                                               
Инвесторлардың                                               2026 жылдың 1 шілдесі (Лондон уақыты бойынша)                            
қанағаттандырылған өтінімдерінің                                                                                                      
бағасы мен көлемін анықтаудың                                                                                                         
үтілетін күні:                                                                                                                        
Еурооблигацияларды қосымша                                   2026 жылдың 8 шілдесінде                                                 
орналастыру бойынша                                          де қосымша орналастыру кезінде есеп айырысулар                           
есептесулердің күтілетін күні:                               АҚШ долларымен жүзеге асырылады                                          
Өтінім бағасы:                                               Жылдық пайызбен көрсетілген өтеуге кірістілік көрсетіледі.               
                                                             Нарықтық өтінімдер берілген жағдайда кірістіліктің мәні                  
                                                             көрсетілмейді.                                                           
Өтінім көлемі:                                               Өтінім көлемі АҚШ долларымен көрсетілуі керек. Өтінімнің                 
                                                             минималды көлемі – 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары                     
                                                             немесе 1 000 (бір мың) АҚШ долларына еселенген үлкен                     
                                                             сома                                                                     
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Еурооблигациялар бойынша есептесуді жүргізу шарттары:

Сатып алуға өтінім бере отырып, сауда-саттыққа қатысушы сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда, 2026 жылдың 08 шілдесінде 12:00-ден кешіктірмей сауда-саттыққа қатысушының ОК шотына ақшаны одан әрі жеткізумен бірыңғай лимитті қамтамасыз етуді "KASE Клиринг орталығы" АҚ (бұдан әрі – ОК) бұғаттауына келіседі.

Өтінімдерді қанағаттандыру туралы ақпарат (аллокация) 2026 жылдың 02 шілдесінде KASE сауда-клирингілік жүйесі арқылы өтінім берген сауда- саттыққа қатысушыларға берілетін болады.

Сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда, сатып алуға өтінім берген сауда-саттыққа қатысушы 2026 жылдың 08 шілдесінде12:00- ден кешіктірмей ОД-дағы ОК шотына ақша аударғаны үшін жауапты болады.

Сатып алушының өтінімінде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына сатып алушы жауапты болады.

Қосымша шығарылатын Еурооблигациялар бойынша 500 млн АҚШ доллары сомасына бастапқы орналастырылған Еурооблигацияларға 2026 жылғы мамырда берілген ISIN-ден өзгеше уақытша ISIN тағайындалғанына назар аударамыз. Уақытша ISIN Еурооблигациялар қосымша орналастырылған күннен (2026 жылғы 8 шілде) бастап 40 күн ішінде жарамды болады. АҚШ инвесторлары шығарылған күннен бастап 40 күн ішінде сатып ала алмайтын қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқы шығарылған облигациялардан өзгеше болуы үшін уақытша ISIN тағайындау АҚШ-тың қолданыстағы бағалы қағаздар заңнамасына сәйкес талап етіледі. Осы 40 күндік кезең аяқталғаннан кейін Қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқыда орналастырылған Еурооблигациялармен біріктіріледі және барлық Еурооблигациялар шығарылған күніне қарамастан, бастапқы орналастырылған Еурооблигацияларға берілген бірдей ISIN-мен саудаланады.

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Halyk Finance өкілдеріне келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Halyk Finance: +7 (727) 339-43-77/88 (ext. 3373, 3448, 3356), ib@halykfinance.kz

ӨНДІРУШІНІҢ МАҚСАТТЫ НАРЫҒЫ (MIFID II/UK MIFIR, ӨНІМДІ БАСҚАРУ) ТЕК БІЛІКТІ КОНТРАГЕНТТЕР МЕН КӘСІБИ ТҰТЫНУШЫЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЕЭА МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯДА БӨЛШЕК ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРІ (PRIIPS) БОЙЫНША (СОНЫҢ ІШІНДЕ PRIIPS KID НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТЫ / ҰЛЫБРИТАНИЯҒА АРНАЛҒАН CCI ӨНІМІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ) НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТ ДАЙЫНДАЛМАҒАН, ӨЙТКЕНІ ОБЛИГАЦИЯЛАР ЕЭА МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ БӨЛШЕК САУДА СЕГМЕНТІ ҮШІН ҚОЛ ЖЕТІМДІ ЕМЕС

ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА САТУҒА АРНАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР АҚШ-ТЫҢ 1933 ЖЫЛҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ("БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢ") НЕМЕСЕ АҚШ-ТЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ШТАТЫНЫҢ НЕМЕСЕ БАСҚА ЮРИСДИКЦИЯСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕЛМЕГЕН НЕМЕСЕ ТІРКЕЛМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ЖӘНЕ БАСҚА ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРЫН ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНАН НЕМЕСЕ МӘМІЛЕ ШЕҢБЕРІНДЕ ЕРЕКШЕЛІК БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ АҚШ АУМАҒЫНДА НЕМЕСЕ АҚШ ТҰЛҒАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ ШОТҚА НЕМЕСЕ МҮДДЕГЕ (БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ S РЕГЛАМЕНТІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАНДАЙ) БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТАЛАПТАРҒА ЖАТПАЙТЫН ҰСЫНУҒА НЕМЕСЕ САТУҒА БОЛМАЙДЫ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА ТЕК "БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ САТЫП АЛУШЫЛАРҒА" ("QIB") САТУҒА ҰСЫНЫЛАДЫ, БҰЛ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ 144А ЕРЕЖЕСІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ЖӘНЕ ОСЫ ЕРЕЖЕ НЕГІЗІНДЕ"БІЛІКТІ САТЫП АЛУШЫЛАР" ("QPs") 2 (A) БӨЛІМІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН (51) АҚШ-ТЫҢ 1940 ЖЫЛҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ ЖӘНЕ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ S ЕРЕЖЕСІНЕ СӘЙКЕС ТЕК АҚШ АЗАМАТЫ ЕМЕС АДАМДАРҒА САТУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛАДЫ.

ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДА ҚАМТЫЛҒАН АҚПАРАТ САТУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС НЕМЕСЕ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСҚА ШАҚЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕУГЕ, ТІРКЕУДЕН БОСАТУҒА НЕМЕСЕ БІЛІКТІЛІККЕ ДЕЙІН МҰНДАЙ ҰСЫНЫС, ШАҚЫРУ НЕМЕСЕ САТУ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА САТЫЛМАЙДЫ.

ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҰСЫНУҒА, САТУҒА ЖӘНЕ БЕРУГЕ, СОНДАЙ-АҚ НЕГІЗГІ МЕМОРАНДУМДЫ ТАРАТУҒА ОСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ШЕКТЕУЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМНЫҢ "БЕРУГЕ ШЕКТЕУЛЕР" ЖӘНЕ "ЖАЗЫЛУ ЖӘНЕ САТУ" БӨЛІМДЕРІНДЕ ҚАМТЫЛҒАН.

ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫҢ, БАЗАЛЫҚ МЕМОРАНДУМНЫҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ ТАРАЛУЫ КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ЗАҢМЕН ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН ЖӘНЕ ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ БАСҚА АҚПАРАТ ИЕЛЕНЕТІН АДАМДАР ТИІСТІ ШЕКТЕУЛЕРМЕН ТАНЫСЫП, ОСЫНДАЙ ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАУЫ КЕРЕК.

КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАМАУ КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУДЫ БІЛДІРУІ МҮМКІН.

БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК (А) БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕН ТЫС НЕМЕСЕ (В) БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕ ОРНАЛАСҚАН ЖӘНЕ, 2005 ЖЫЛҒЫ БҰЙРЫҚТЫҢ 2000 ЖЫЛҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ НАРЫҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ (ҚАРЖЫЛЫҚ ЖЫЛЖЫТУ) 19 (5) БАБЫНДА АНЫҚТАЛҒАНДАЙ ("БҰЙРЫҚ"), (I) КӘСІБИ ИНВЕСТОРЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН НЕМЕСЕ (II) БҰЙРЫҚТЫҢ (ІРІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ БАР АДАМДАР ЖӘНЕ ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ БЕРУГЕ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАСҚА ДА АДАМДАР) 49(2) (А)-(D) БАБЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНА ЖАТАТЫН, НЕМЕСЕ (III) БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ЗАҢНЫҢ 21-БӨЛІМІН БҰЗБАЙ ЖІБЕРІЛУІ МҮМКІН ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН (ЖОҒАРЫДА (I), (II) ЖӘНЕ (III) ТАРМАҚТАРДА АТАЛҒАН БАРЛЫҚ ОСЫНДАЙ ТҰЛҒАЛАР БҰДАН ӘРІ "ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР" ДЕП АТАЛАДЫ). ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛМАУҒА НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ЖІБЕРІЛМЕУГЕ ТИІС. ОСЫ ХАБАРЛАМА ҚАТЫСЫ БАР КЕЗ КЕЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ НЕМЕСЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕК ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ТЕК ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ПРОСПЕКТІЛЕР ТУРАЛЫ РЕГЛАМЕНТКЕ (ЕО 2017/1129 РЕГЛАМЕНТІ) СӘЙКЕС "БІЛІКТІ ИНВЕСТОРЛАР" БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АДАМДАРҒА ҒАНА АРНАЛҒАН.

БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ШЫҒУ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ("ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АҢДАТПАЛАР ТУРАЛЫ РЕГЛАМЕНТІ") СӘЙКЕС ІШКІ ЗАҢНАМАНЫҢ БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН 2017/1129 РЕГЛАМЕНТІНЕ СӘЙКЕС АҢДАТПА БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. НЕГІЗГІ МЕМОРАНДУМ, ОҒАН ҚОСЫМША ЖӘНЕ БАҒА ҰСЫНЫСЫ ЖАРИЯЛАНҒАННАН КЕЙІН МЫНА МЕКЕНЖАЙДА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ: толығырақ

СИНГАПУРДЫҢ SFA ӨНІМДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ: ЭМИТЕНТ ОСЫ ҚҰЖАТТА АТАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ "КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ӨНІМДЕР" (СИНГАПУРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ФЬЮЧЕРСТЕР (КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ ӨНІМДЕР) ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС) ЕКЕНІН АНЫҚТАҒАН ЖӘНЕ ОСЫМЕН БАРЛЫҚ ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАРҒА (309A (1)SFA БӨЛІМІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН) ХАБАРЛАЙДЫ 2018 Ж.) ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРМЕН (СИНГАПУРДЫҢ АҚША ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАНДАЙ- 04-N12 SFA ХАБАРЛАМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ САТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ MAS FAA-N16 ХАБАРЛАМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА).

РЕЙТИНГ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ САТЫП АЛУ, САТУ НЕМЕСЕ ҰСТАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ БІЛДІРМЕЙДІ ЖӘНЕ ОНЫ КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ОСЫНДАЙ РЕЙТИНГ БЕРГЕН ҰЙЫМ ҚАЙТА ҚАРАУЫ, ТОҚТАТА ТҰРУЫ НЕМЕСЕ ҚАЙТАРЫП АЛУЫ МҮМКІН. ЭМИТЕНТТЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ ҮШІН ҰҚСАС РЕЙТИНГТЕР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БІРДЕЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРМЕЙДІ. ӘРБІР РЕЙТИНГТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА РЕЙТИНГКЕ ҚАРАМАСТАН ТАЛДАНУЫ КЕРЕК.

дәйексөздің соңы

[2026-07-01]