KZ
RU
EN
11 шілде 2026, 18:07
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2026 09:30 #Нормативтік база

01 шілдеден бастап сауда-саттық қызметінің әртүрлі аспектілерін анықтайтын KASE жаңа ішкі құжаттары және KASE бірқатар ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 01.07.26, 25.06.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 24 маусымындағы шешімімен мыналар бекітілді:

  • Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері;
  • "Қазақстан қор биржасы" АҚ айналымға рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы мен құрамы туралы қағида.

Аталған құжаттар 2026 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

KASE Басқармасының 2026 жылдың 11 маусымындағы шешімімен бекітілді:

1) Мәмілелер жасасу ережелері;

2) Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері;

3) Сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі;

4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-клирингілік жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелері;

5) Негізгі шартты белгілердің глоссарийі;

6) Сауда-клирингілік жүйенің сынақ контурына қол жеткізуді және сыртқы бағдарламалық-техникалық құралдарды сертификаттауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

7) Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне № 27 толықтырулар;

8) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 19 өзгертулер.

Көрсетілген құжаттар мен түзетулер 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Көрсетілген құжаттар KASE-де сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін ішкі құжаттарды оңтайландыру мақсатында әзірленді.

Нормативтік базаны жаңарту аясында сегіз негізгі ішкі құжат әзірленді:

1) Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері KASE-де сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай қағидаттарын, талаптары мен тәртібін белгілейтін базалық құжат болып табылады. Ережелер сауда- саттықты ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін құра отырып, бұрын қолданыста болған бірқатар құжаттардың ережелерін біріктіреді:

биржалық нарықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптері;

сауда-саттыққа қатысушылардың санаттары және олардың жауапкершілігі;

рұқсаттама, өтінім беру және мәмілелер жасасу тәртібі;

сауда-саттықты өткізу әдістері және техникалық жаңылыстар кезіндегі іс-қимылдар;

2) "Қазақстан қор биржасы" АҚ айналымға жіберілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы мен құрамы туралы қағида биржалық нарықтарда айналымға рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы мен құрамын анықтайды;

3) Мәміле жасау ережелері мамандандырылған сауда-саттықты, бағалы қағаздарды жария ұсынуды және бағалы қағаздарға жазылуды қоса алғанда, орталық контрагенттің қатысуымен және қатысуысыз мәмілелердің барлық түрлерін сипаттайды;

4) Сауда-саттық регламенті мен қаржы құралдарының параметрлері қаржы құралдарының ерекшеліктерін және бұрын барлық нарықтар мен құралдар үшін белгіленген процедураларды қамтиды;

5) Сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі биржалық нарықтарда сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін анықтайтын құрылымдық құжат болып табылады;

6) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-клирингілік жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелері KASE сауда-клирингілік жүйелеріне қол жеткізуді ұсынуддың бірыңғай тәртібін және оларды пайдалану шарттарын белгілейді. Ережелер сондай-ақ KASE сауда-клирингілік жүйесімен жұмыс бойынша оқуды аяқтағаннан кейін трейдерлердің тестілеуден өтуі бойынша талапты белгілейді (осы талапты қолданысқа енгізу 2027 жылдың 01 қаңтарына жоспарланған);

7) Негізгі шартты белгілердің глоссарийі негізгі шартты белгілерді KASE ішкі құжаттарында да, қызметінде де, қажет болған жағдайда KASE мүшелері мен оның өзге де клиенттерінің қызметінде де бірізділікпен пайдалану мақсатында анықтайды;

8) Сауда-клирингілік жүйенің тестілік контурына қол жеткізуді және сыртқы бағдарламалық-техникалық құралдарды сертификаттауды ұсыну жөніндегі нұсқаулық KASE сауда-клирингілік жүйесіне қосылатын сыртқы бағдарламалық-техникалық құралдарды сертификаттау тәртібін белгілейді.

2026 жылдың 01 шілдесінен бастап күші жойылды деп танылады:

1) Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері;

2) Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида;

3) Маркет-мейкерлер туралы қағида;

4) Биржаның бағдарламалық-техникалық кешені жұмысындағы техникалық жаңылыстар кезінде мәселелерді шешу ережелері;

5) Орталық контрагенттің қатысуысыз бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі (гросс-есеп айырысулар);

6) Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелері;

7) Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері;

9) ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде репо операцияларын жүзеге асыру ережелері

10) Биржаның сауда-саттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелері;

11) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналымға рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы қағида;

12) Орталық контрагенттің қатысуымен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу тәртібі;

13) Сауда-саттық тәртіптемелері және қор нарығындағы операциялар туралы қағида;

14) Валюта нарығындағы сауда-саттық тәртіптемелері туралы қағида;

15) Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы;

16) "Автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының маманданымы;

17) Валюталық своп операцияларының және шетел валютасымен операциялардың маманданымы;

18) Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы;

19) Қазақстандық эмитенттердің акцияларына фьючерстердің маманданымы;

20) KASE Индексіне фьючерстердің маманданымы;

21) Биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарға фьючерстік келісімшарттардың маманданымы;

22) АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізу фьючерстерінің маманданымы;

23) Сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі;

24) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізуді ұсыну ережелері;

25) Қашықтан қол жеткізу тәртіптемесінде сауда-клирингілік жүйемен жұмыс істеу ережелері;

26) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің DMA жүйелеріне және оларды пайдалануға қойылатын талаптар;

27) Трейдерлерді аттестаттаудан өткізу тәртібі;

28) DMA жүйесін сертификаттау жөніндегі нұсқаулық.

Жоғарыда көрсетілген Ережелер мен құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Сауда-саттық" және "Мүшелік" қалташалары).

[2026-07-01]