KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 29.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың шілде айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 маусымындағы шешімімен бекітілді және олардағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2026 жылғы 01-31 шілде аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 88 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың маусымында құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:
1) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" АПИҚ KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf) пайлары;
2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) ETF;
3) Johnson & Johnson US4781601046 (сектор "KASE Global", JNJ_KZ) жай акциялары.
2026 жылдың маусымына құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен мыналар шықты:
1) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA"ИПИҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;
2) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF;
3) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИПИҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары;
4) "Alatau City Invest"АҚ басқаруындағы "allEM" ИПИҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары;
5) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) ETF.
2026 жылдың шілде айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
2026 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-29]