29 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) және Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 26.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 29 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 24 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc.US7170811035 (сектор "KASE Global", CRM_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 27 шілдесінен бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін, Freeport-McMoRan Inc.US35671D8570 (сектор "KASE Global", FCX_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 17 шілдесінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-06-26]