KZ
RU
EN
25 маусым 2026, 22:39
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.06.2026 18:12 #Нормативтік база

01 тамыздан бастап KASE жаңа "Колокация қызметтерін ұсыну ережелері" атты ішкі құжаты қолданысқа енгізіледі

/KASE, 25.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 24 маусымындағы шешімімен 2026 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізілетін KASE "Колокация қызметтерін ұсыну ережелері" (Ережелер) атты жаңа ішкі құжаты бекітілді.

Қағидалар KASE мүшелеріне және қашықтықтан қол жеткізу тәртіптемесінде сауда-клирингілік жүйелермен жұмыс істеуге құқығы бар өзге де ұйымдарға жаңа қызмет көрсетудің құрамын, шарттары мен тәртібін – колокация қызметтерін анықтайды.

Колокация қызметі мыналарды қамтиды:

  • KASE деректерді өңдеу орталығында клиенттің жабдықтарын орналастыру;
  • клиенттің деректерді өңдеу орталығында орналасқан KASE жабдығына тікелей қосылуын қамтамасыз ету;
  • KASE желілік жабдықтарында желілік порттарды жалға алу;
  • клиент жабдықтарына қол жеткізуді ұйымдастыру.

Бұл қызмет қосылудың сенімділігін қамтамасыз етуге және KASE сауда- клирингтік жүйелеріне қол жеткізудің кідірістерін азайтуға бағытталған.

Ережелер KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-06-25]