KZ
RU
EN
21 тамыз 2026, 10:33
KZ
RU
EN
Кіру
25.06.2026 17:51 #Сауда-саттық ақпараты

25 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ өзінің KZ2C00014843 (KFUSb94) облигацияларын жылдық 16,40%-бен орналастырып, 4,8 млрд теңге тартты

/KASE, 25.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00014843 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb94; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 25.06.26 – 25.06.27; жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

------------------------------------------------------ --------------------
Қатысушылар саны:                                      3
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді)           3 / 3
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                 10 018,3
Ұсынымға сұраным:                                      х2,1 есе
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан % (барлық / белсенді):
– минималды                                            96,1950
– максималды                                           96,6497
– орташа сараланған                                    96,6154
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлық / белсенді):
– минималды                                            16,4000
– максималды                                           16,9500
– орташа сараланған                                    16,4412
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 49,8 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 49,9 %, басқа заңды
тұлғалардың үлесіне – 0,2% тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------------ --------------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                5 000 000
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:            4 832 485 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                     1
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар              1
саны:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,                   100,0
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға,          96,6497
номиналдан %
Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша кірістілік,       16,4000
жылдық % (барлық / белсенді):
---------------------------------------------------------------------------

Орналастыру кезінде барлық көлемді институционалды инвесторлар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                        25.06.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 5 000 000 000
Лот мөлшері, дана.:                       1
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                       жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00
Кесімдеу уақыты:                          14:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                    25.06.26, 14:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына
                                          тең немесе одан төмен
                                          өтінімдер кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді
                                          болып табылатын, шектелімді
                                          қарсылама өтінімдердің
                                          бағалары бойынша
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді
қарай қанағаттандыру тәсілі:              қабылдау уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Еуразиялық Капитал" АҚ
----------------------------------------------------------------------

[2026-06-25]