Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US912797TC16 (US193_2612) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 25.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдыңң 26 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797TC16 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US193_2612; $52 285,0 млн; 26.12.25-24.12.26; actual/360) дисконттық халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-25]