KASE Директорлар кеңесі OQAM Finance Ltd. жеке компаниясын. "қор " және "деривативтер"санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады
/KASE, 25.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 24 маусымындағы шешімімен OQAM Finance Ltd. (Астана) жеке компаниясын "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Директорлар кеңесінің OQAM Finance Ltd. жеке компаниясын "деривативтер" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешімі 2026 жылдың 25 маусымынан бастап күшіне енеді.
Директорлар кеңесінің "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне OQAM Finance Ltd. жеке компаниясын қабылдау туралы шешімі күшіне енген күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналымға (сауда-саттыққа) жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.
[2026-06-25]