"ForteBank" АҚ бизнес-кредиттеуді кеңейту үшін капиталды 46,1 млрд теңгеге ұлғайтты
/KASE, 24.06.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Астана, 2026 жылғы 24 маусым – "ForteBank" АҚ жарғылық капиталын 46,1 млрд теңгеге ұлғайтты. Қосымша эмиссия нәтижесінде банктің капиталы 890 млрд теңгеден асып, экономиканың нақты секторын қаржыландыру мүмкіндіктері көбейді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтері 49%-ке өсіп, 6,1 трлн теңгеге жетті. Өткен жылы Банк "Home Credit Bank" АҚ-ны сатып алу мәмілесін аяқтап, Қазақстан тарихында алғаш рет 400 млн АҚШ доллары сомасына мерзімсіз AT1 субординацияланған облигациялар шығарды. Сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарынан бірқатар ірі көлемдегі қарыз қаражат тартты.
Акционерлер Банк стратегиясын іске асыру мақсатында 2025 жыл үшін дивиденд төлемей, барлық пайданы капитал базасын одан әрі арттыруға бағыттау туралы шешім қабылдады. Жарғылық капиталды қосымша ұлғайту ForteBank-тің бизнесті қарқынды дамыту мен нарықтағы позициясын жүйелі түрде нығайтуға басымдық беріп отырғанын көрсетеді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылған – толығырақ
[2026-06-24]