KZ
RU
EN
23 маусым 2026, 16:33
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.06.2026 14:41 #Сауда-саттық ақпараты

23 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 23.06.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 25 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 47 985 600 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 103,4414 % (кірістілік – жылдық 14,29 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 103,6117 % құрады (кірістілік – жылдық 14,25 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 маусымында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 7,7 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-06-23]