22 маусым күні Қазақстан қор б иржасында екі облыс әкімдіктері 9,2 млрд теңге тартты
/KASE, 22.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өтті.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:
1) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003309 (ABK024_330; 1 000 теңге, 4 234 816 000 теңге; 22.06.26 – 22.06.28; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,2 млрд теңгеге;
2) ШығысҚазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003283 (VKK024_328; 1 000 теңге, 11 924 416 000 теңге; 22.06.26 – 22.06.28; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 7,0 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2026-06-22]