KZ
RU
EN
20 маусым 2026, 23:18
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2026 16:36 #Сауда-саттық ақпараты

19 маусымда Қазақстан қор биржасында бес облыс пен Шымкент қаласының әкімдіктері 30,7 млрд теңге тартты

/KASE, 19.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының алты шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003333 (AKK047_333; 1 000 теңге, 3 485 469 000 теңге; 19.06.26 – 19.05.30; жарты жылдық купон, жылдық 14,55%; 30/360) 3,5 млрд теңгеге;

2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003317 (KSK047_331; 1 000 теңге, 2 362 009 000 теңге; 19.06.26 – 19.05.30; жарты жылдық купон, жылдық 17,30%; 30/360) 2,4 млрд теңгеге;

3) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003325 (KSK047_332; 1 000 теңге, 6 596 675 000 теңге; 19.06.26 – 19.05.30; жарты жылдық купон, жылдық 14,55%; 30/360) 6,6 млрд теңгеге;

4) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003341 (MGK047_334; 1 000 теңге, 5 512 557 000 теңге; 19.06.26 – 19.05.30; жарты жылдық купон, жылдық 17,30%; 30/360) 5,5 млрд теңгеге;

5) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003358 (MGK047_335; 1 000 теңге, 6 692 869 000 теңге; 19.06.26 – 19.05.30; жарты жылдық купон, жылдық 14,55%; 30/360) 6,7 млрд теңгеге;

6) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000234 (SHK022_023; 1 000 теңге, 20 395 113 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) 6,0 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-06-19]