Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19 маусымнан бастап Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003309 (ABK024_330) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 19.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 19 маусымынан бастап Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003309 (ABK024_330; 1 000 теңге, 4 234 816 000 теңге; 24 ай; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді.
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жарияланды – толығырақ
[2026-06-19]