KZ
RU
EN
19 маусым 2026, 18:17
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2026 14:00 #Қаржы құралдары

18 маусымда Қазақстан қор биржасында 2026 жылдың маусымында орындалатын фьючерстер жабылды

/KASE, 19.06.26/ – 2026 жылдың 18 маусымында Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы маусымда орындалатын келесі фьючерстер бойынша есеп жүргізілді:

  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – HSBK-6.26;
  • "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – KZAP-6.26;
  • KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-6.26;
  • АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-6.26;
  • Ресей рублінің теңгеге бағамы үшін, сауда-саттық коды – RU-6.26.

HSBK-06.26 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық позициялар жоқ. Фьючерстердің соңғы есептік бағасы бір акция үшін 376,69 теңгені құрады.

KZAP-06.26 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық позициялар жоқ. Фьючерстердің соңғы есептік бағасы бір акция үшін 34 586,78 теңгені құрады.

KX-06.26 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық позициялар жоқ. Фьючерстердің соңғы есептік бағасы 7 717,74 пунктті құрады.

US-06.26 бойынша 607,2 млн теңге сомасына 28 мәміле жасалды. Фьючерстердің соңғы есептік бағасы бір АҚШ доллары үшін 487,45 теңгені құрады.

RU-06.26 бойынша 320,1 млн теңге сомасына 57 мәміле жасалды. Фьючерстердің соңғы есептік бағасы рубль үшін 6,6386 теңгені құрады.

[2026-06-19]