KZ
RU
EN
21 маусым 2026, 09:38
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2026 11:04 #Қаржы құралдары

19 маусымнан бастап бес атаудағы бағалы қағаздар KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді

/KASE, 19.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 19 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына мынадай бағалы қағаздар енгізілді:

1) iShares Bitcoin Trust ETF US46438F1012 (сауда-саттық коды– IBIT_KZ) ETF;

2) iShares Ethereum Trust ETF US46438R1059 (сауда-саттық коды– ETHA_KZ) ETF;

3) Solana ETF US92864M8221 (сауда-саттық коды– SOLZ_KZ) ETF;

4) Chevron Corporation US1667641005 жай акциялары (сауда-саттық коды– CVX_KZ);

5) ) Space Exploration Technologies Corp. US84615Q1031 жай акциялары (сауда-саттық коды– SPCX_KZ.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

KASE назар аударады: ETF US46438F1012 (IBIT_KZ) және US46438R1059 (ETHA_KZ) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылдың 23 желтоқсанындағы № 79 қаулысымен енгізілген реттеудің ерекше режимі шеңберінде KASE ресми тізіміне енгізілген. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша KASE жаңалығы жарияланған болатын: " KASE ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕРГЕ ETF САУДА-САТТЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ РЕТІНДЕ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ РЕЖИМІ ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ" – толығырақ

[2026-06-19]