18 маусымнан бастап KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 18.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 18 маусымынан бастап негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигацияларын (18 маусым – өтеу кезінде тіркелген күні) алып тастады.
2026 жылдың 18 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 76 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-06-18]