2026 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТЕДІ
/KASE, 18.06.26/ – 2026 жылдың 22 маусымынан бастап KASE KASE индексінің өкілдік тізіміне (бұдан әрі – Тізім) енетін акциялардың параметрлеріне кезектен тыс өзгерістер енгізеді.
Атап айтқанда, келесі параметрлер өзгертіледі:
• "Қазақтелеком" АҚ-ның (KZTK, KZ0009093241) еркін айналыстағы жай акцияларының үлесі (free float);
• Тізімге енгізілген акциялардың шектеу коэффициенттері.
Аталған өзгерістер KASE-нің "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты ішкі құжатының 4-бабы 16-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ-ның (KZTK, KZ0009093241) еркін айналыстағы жай акциялары саны осы атаудағы орналастырылған акциялардың жалпы санынан 10 %-дан астам мөлшерде өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады. Нәтижесінде аталған акциялар бойынша free float көрсеткіші қазіргі 19,2 %-дан 8,7 %-ға дейін төмендейді.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.
------------------------------------------------------------------------------
2026 жылдың 22 маусымнан бастап 2026 жылдың 22 маусымна дейін
орналастыры- free шектеулі орналастыры- free шектеулі
Акциялар лған акциялар float коэф- лған акциялар float коэф-
коды саны (Fi),% фициент(Ri) саны (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
AIRA 354 951 593 58.8 1.0000000 354 951 593 58.8 1.0000000
CCBN 176 080 651 36.3 1.0000000 176 080 651 36.3 1.0000000
HSBK 10 899 559 145 38.0 0.1904664 10 899 559 145 38.0 0.1951467
KCEL 200 000 000 34.1 1.0000000 200 000 000 34.1 1.0000000
KEGC 275 292 728 15.0 1.0000000 275 292 728 15.0 1.0000000
KMGZ 610 119 493 12.2 0.1213885 610 119 493 12.2 0.1375149
KSPI 190 027 266 33.9 0.1130810 190 027 266 33.9 0.1229129
KZAP 259 356 608 25.0 0.1305038 259 356 608 25.0 0.1209321
KZTK 10 706 024 8.7 1.0000000 10 706 024 19.2 1.0000000
KZTO 384 628 099 10.0 1.0000000 384 628 099 10.0 1.0000000
------------------------------------------------------------------------------
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.
Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: AIRA – "Эйр Астана" АҚ; CCBN – "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL – "Кселл" АҚ; KEGC – АҚ "KEGOC"; KMGZ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI – Kaspi.kz АҚ; KZAP – АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK – АҚ "Қазақтелеком"; KZTO – АҚ "КазТрансОйл".
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.
[2026-06-18]