Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
/KASE, 16.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 маусымынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 шілдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 шілдесiнен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-06-16]