KZ
RU
EN
17 маусым 2026, 06:18
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.06.2026 11:29 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ Fitch Ratings агенттігі компанияның рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлайды, болжам "Тұрақты"

/KASE, 16.06.26/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 12 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "ҚазТрансОйл" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін "BBB" деңгейінде, болжам "Тұрақты", растады ".

Компанияның рейтингісі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бас компаниясының рейтингісіне және Қазақстан Республикасының егеменді рейтингісіне ("BBB", болжам "Тұрақты") сәйкес келеді.

Fitch Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мықты бизнес-бейіні оның нарықта үстем жағдайға ие Қазақстанның магистральдық мұнай құбырларының ұлттық операторы мәртебесімен, сондай-ақ оның ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығымен айқындалатынын атап өтті. "ҚазТрансОйл" АҚ-тың "bbb" деңгейіндегі дербес кредиттік профилі (SCP) Қазақстанның реттеуші және операциялық ортасына тән тәуекелдерді ескере отырып, тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-06-16]