KZ
RU
EN
15 маусым 2026, 23:03
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.06.2026 17:34 #Сауда-саттық ақпараты

15 маусым күні Қазақстан қор биржасында екі облыстың әкімдіктері 5,7 млрд теңге тартты

/KASE, 15.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өтті.

Арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003101 (ARK022_310; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 2,5 млрд теңгеге;

2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003143 (KGK022_314; 1 000 теңге, 3 943 333 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 3,2 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-06-15]