KZ
RU
EN
16 маусым 2026, 09:57
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.06.2026 16:32 #Қаржы құралдары

16 маусымнан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 15.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 24 тамызынан қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-06-15]