KZ
RU
EN
23 шілде 2026, 03:45
KZ
RU
EN
Кіру
12.06.2026 15:17 #Қаржы құралдары

15 маусымнан бастап KASE-де екі жай акцияның саудасы тоқтатылады

/KASE, 12.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 15 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 шiлдесiнен бастап қайта басталады

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) Caterpillar, сауда-саттық 2026 жылдың 22 шiлдесiнен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-06-12]