Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018302 (MFSCb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 11.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 12 маусымынан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018302 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb10; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-11]