Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US912797UB14 (US192_2606) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 11.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 12 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797UB14 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US192_2606; $69 194,0 млн; 24.02.26-23.06.26; actual/360) дисконттық халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-11]