KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 05:16
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.06.2026 16:46 #Қаржы құралдары

10 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады

/KASE, 09.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Verizon Communications Inc. компаниясының US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды, сауда-саттық 2026 жылдың 13 шілдесінен бастап қайта басталады.

Бұдан басқа, есеп айырысу күні 2026 жылдың 03 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттығын тоқтата тұруы ұзартылды, сауда-саттық 2026 жылдың 05 тамызынан бастап қайта басталады:

1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;

2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;

3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;

4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON;

5) US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF;

6) US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF;

7) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-06-09]