KZ
RU
EN
9 маусым 2026, 01:03
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.06.2026 17:17 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 2,5 трлн теңге болды

/KASE, 08.06.26/ – 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 2 455,5 млрд теңге болып, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 48,0 %-ға өсті.

2025 жылдың бес айлық (тамыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемі 27,5 %-ға азайды.

Төмендегі кестеде биржалық нарықтың осы секторында 2026 жылдың тисті кезеңінде жасалған сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2025 жылдың салыстырмалы деректері (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасалуы мүмкін) көрсетілген.

-------------------------------------
Жыл,      Бастапқы Қайталама         
ай           нарық    нарық* Барлығы*
--------- -------- --------- --------
2026, I       59,2      55,5    114,7
2026, II     276,9      79,7    356,6
2026, III    299,1      45,9    345,0
2026, IV     580,4     152,9    733,3
2026, V      786,5     119,6    906,0
--------- -------- --------- --------
Барлығы    2 002,0     453,5  2 455,5
--------- -------- --------- --------
2025, I-V  1 340,8     317,9  1 658,7
тренд, %     +49,3     +42,7    +48,0
-------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.

[2026-06-08]