KZ
RU
EN
4 маусым 2026, 14:26
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.06.2026 11:34 #Қаржы құралдары

04 маусымнан бастап "CapitalCredit МҚҰ" ЖШС KZ2P00018153 (MFCRb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 04.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 03 маусымында "CapitalCredit МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00018153 (MFCRb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 04 маусымынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"CapitalCredit МҚҰ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредиттер беру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-06-04]