KZ
RU
EN
3 маусым 2026, 21:22
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.06.2026 17:26 #Корпоративтік уақиғалар

"Нұрбанк" АҚ акционерлері банктің жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 03.06.26/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2026 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • банктің 2025 жылға жеке (шоғырландырылмаған) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • банктің 2025 жылғы шоғырландырылған жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • банктің 11 513 800 000 теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей қалдырылсын. Банктің жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтерді есептемеу және төлемеу.

Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі 10 мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2026-06-03]