KZ
RU
EN
21 маусым 2026, 09:37
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.06.2026 16:30 #Нормативтік база

03 маусымнан бастап Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне өзгертулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 03.06.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 02 маусымындағы шешімімен 2026 жылдың 03 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін "Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі" (Тәртіп) атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер (өзгертулер) бекітілді.

Өзгертулер листингілік рәсімдерді өзектендіру мақсатында енгізілді және рұқсат беру бастамашысының "KASE Global" секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы өтінішінде IPO не SPO өткізу арқылы акцияларды орналастыру фактісі және соңғы есепті күнге еркін айналымдағы бағалы қағаздардың саны туралы ақпаратты ашу қажет екенін белгілейді.

Бұдан басқа, Тәртіпке редакциялық түзетулер енгізілді.

Тәртіптің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Листинг" қалташасы).

[2026-06-03]