04 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (META_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады.
/KASE, 03.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 04 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша Meta Platforms, Inc (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акцияларымен Kase-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 маусымынан бастап қайта басталады
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-06-03]