01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE_KZ3BUP* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ АЛТЫ АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылғы 01 маусымнан бастап KASE_KZ3BUP* сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады:
1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00008332 (BTRKb8);
2) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00007862 (KAFIb11);
3) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00008514 (KAFIb12);
4) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13);
5) "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1);
6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002319 (SKKZb11).
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
KASE Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет теңгемен номинацияланған BBB- дейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды.
Көрсетілген облигациялардан KASE_KZ3BUP* индекстер сериясы мыналарды қамтиды:
- KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
- KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;
- KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
- индекстің дюрациясы, жылдармен.
Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).
[2026-06-01]