01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE_US3BUP* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ 13 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_US3BUP сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады*:
1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2337670694 (BRKZe12);
2) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS2800066297 (BRKZe14);
3) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS2917067204 (BRKZe16);
4) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS3032932645 (BRKZe18);
5) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS3204113354 (BRKZe22);
6) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3067899610 (BTRKe1);
7) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3189694345 (BTRKe2);
8) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595713782 (KMGZe11);
9) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595714087 (KMGZe12) АО;
10) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807300105 (KMGZe14) АО;
11) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299331 (KMGZe15) АО;
12) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS2242422397 (KMGZe16) АО;
13) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ XS2399149694 (SKKZe1).
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
KASE Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет индекстер мен индикаторларды есептеу үшін АҚШ долларымен номинацияланған BBB- деңгейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялардың өкілдік тізімдерді қайта қарайды.
Көрсетілген облигациялардан KASE_US3BUP* индекс сериясы мыналарды қамтиды:
- KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
- KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;
- KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
- индекстің дюрациясы, жылдармен.
Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).
[2026-06-01]