KZ
RU
EN
3 маусым 2026, 19:42
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.06.2026 12:35 #Индекстер мен индикаторлар

01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ 77 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:

1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014041 (BTRKb26);

2) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00015857 (IDFRb8);

3) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016822 (JSBNb10);

4) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016806 (JSBNb9);

5) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00017093 (KAFIb19).

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі алаңының қор нарығының индикаторларын: KASE_BMC таза баға индексін және KASE_BMY кірістілік индикаторын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.

2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 77 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады толығырақ

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ

[2026-06-01]