Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKS97 (US175_2605) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 01 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKS97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US175_2605; 7 73 094,0 млн; 31.05.24 – 31.05.26; жартыжылдық купон, жылдық 4,875%; actual/actual) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2025 жылдың 21 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық ашылған жоқ.
[2026-06-01]