KZ
RU
EN
30 мамыр 2026, 13:53
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.05.2026 17:38 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады

/KASE, 29.05.26/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдағы 34 "Аралық қаржылық есептілік" халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.

2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:

  • Түсім 2 241 млрд теңгемен (4 394 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 2 481 млрд теңгені (4 991 млн АҚШ долларын) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 582 млрд теңгемен (1 142 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 775 млрд теңгені (1 559 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 193 млрд теңгемен (377 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 373 млрд теңгені (751 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда2 164 млрд теңгемен (321 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 190 млрд теңгені (381 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бос ақша ағыны 283 млрд теңге (555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі оң көрсеткішпен салыстырғанда теріс мәнде қалыптасып, 78 млрд теңгені (157 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Жалпы қарыз 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 3 522 млрд теңге (6 967 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2026 жылғы 31 наурызда 3 504 млрд теңгені (7 320 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 375 млрд теңге (742 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2026 жылғы 31 наурызда 573 млрд теңгені (1 196 млн АҚШ долларын) құрады.

* Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2026 жылдың 1- тоқсаны және 2025 жылдың 1-тоқсаны үшін орташа бағам сәйкесінше 497,09 және 510,05 теңге/АҚШ долл. құрады; кезең соңындағы бағам – 2026 жылғы 31 наурызда және 2025 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 478,77 және 505,53 теңге/АҚШ долл. құрады).

** Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-29]