KZ
RU
EN
30 мамыр 2026, 13:53
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.05.2026 16:46 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 29.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 25 мамырындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-30 маусымы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 90 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2026 жылдың мамыр айына құрылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) базалық активі Baidu, Inc жай акциялары болып табылатын US0567521085 ("KASE Global" секторы, BIDUd) американдық депозитарлық қолхаттар.;

2) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Exchange Traded Funds) KASE Индексі KZPF00000983 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, KASXf) ETF;

3) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "WARDAT al hayat" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000900 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIwah) пайлары;

4) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Exchange Traded Funds) MBM Index KASE KZPF00000991 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, MBM_f) ETF;

5) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"секторы, FHJIpc) пайлары;

6) Caterpillar US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акциялары;

7) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары;

8) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) ETF.

2026 жылдың мамыр айына құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізімінен мыналар шықты:

1) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялар;

2) базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табылатын US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттар".

2026 жылдың маусым айына құрылған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

2026 жылдың мамыр айына құрылған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-05-29]