KZ
RU
EN
29 мамыр 2026, 19:39
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.05.2026 15:34 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ 2026 жылдыдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысын хабарлады

/KASE, 29.05.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 28 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайд:

1. 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін "Эйр Астана" АҚ-ның аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.

2.1. "Эйр Астана" АҚ-ның 050039, Алматы қ., Закарпатская көш., 4А мекенжайы бойынша орналасқан, деректемелері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Алматы қ., IBAN KZ36 6017 1310 0001 7669, БИК HSBKKZKX, КБЕ 17, БИН 010940000162, 2025 жылғы есепті қаржы жылы үшін аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне сәйкес, 7 022 862 000 (жеті миллиард жиырма екі миллион сегіз жүз алпыс екі мың) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза табысын келесі тәртіппен бөлу бекітілсін:

  • "Эйр Астана" АҚ акционерлеріне 2025 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеуге жалпы сомасы 3 511 431 000 (үш миллиард бес жүз он бір миллион төрт жүз отыз бір мың) теңге бағытталсын;
  • "Эйр Астана" АҚ иелігінде 3 511 431 000 (үш миллиард бес жүз он бір миллион төрт жүз отыз бір мың) теңге мөлшерінде бөлінбеген сома қалдырылсын ".

2025 жылдың қорытындылары бойынша «Эйр Астана» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 9,92 теңге (тоғыз теңге тоқсан екі тиын) деңгейінде бекітілсін;

"Эйр Астана" АҚ-ның дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімін жасау күні 2026 жылғы 24 маусым 00 сағат 00 минутіне (Астана уақыты бойынша) бекітілсін.

Дивидендтерді төлеудің басталу күні 2026 жылғы 25 маусым болып белгіленсін.

"Эйр Астана" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу ақшалай, қолмақол ақшасыз тәртіпте, тиесілі сомаларды "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің қолданыстағы шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

Дивидендтерді төлеу төлем агенті – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тарта отырып жүзеге асырылатын болады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-29]