Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 мамырдан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00018344 (MFAFb14) және KZ2P00018351 (MFAFb15) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 29.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 26 мамырында "афинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00018344 (MFAFb14; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360);
- KZ2P00018351 (MFAFb15; $100, $3,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 29 мамырынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-05-29]