KZ
RU
EN
28 мамыр 2026, 21:51
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.05.2026 17:53 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітті

/KASE, 28.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй мекенжайында орналасқан "ҚазТрансОйл" АҚ 28 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2026 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ (ISIN KZ1C00000744) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдап, бірқатар жұмыстарды бекітті:

1. "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 2025 жылдың қорытындысы бойынша алынған 56 606 539 000 (елу алты миллиард алты жүз алты миллион бес жүз отыз тоғыз мың) теңге мөлшерінде таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілді:

- дивидендтер төлеуге 45 386 115 682 (қырық бес миллиард үш жүз сексен алты миллион бір жүз он бес мың алты жүз сексен екі) теңге мөлшерінде сома жіберілсін

- 11 220 423 318 (он бір миллиард екі жүз жиырма миллион төрт жүз жиырма үш мың үш жүз он сегіз) теңге сомасында қалған таза кірісті бөлмей "ҚазТрансОйл" АҚ иелігінде қалдыру;

2. «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына есептегенде 2025 жылғы дивиденд мөлшері 118 (жүз он сегіз) теңге.

2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 5 маусым сағат 00:00-де жасақталады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2026 жылдың 11 маусымы.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-28]