KZ
RU
EN
1 маусым 2026, 05:56
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.05.2026 15:29 #KASE жаңалықтары

Қазақстан қор биржасы 2026 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды

/KASE, 28.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) 2026 жылдың 28 мамырында Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. Биржаның 2025 жылдағы қызметі туралы есеп назарға алынсын.

2. KASE Тобының 2025 жылға Орнықты дамуы туралы есебі назарға алынсын.

3. Биржаның 2025 жылға жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есептерімен бекітілсін.

4. Биржаның 2025 жылдағы таза кірісі (пайдасы) 15 298 263 мың теңге мөлшерінде былайша бөлінсін:

4 589 483 743,47 теңге Биржа акционерлеріне дивидендтер төлеуге бағытталсын;

10 708 779 256,53 теңге Биржаның және "KASE Клиринг орталығы" АҚ резервтік қорларын дамытуға және қалыптастыруға, сондай-ақ басым жобаларды іске асыруға бағытталсын.

Биржаның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд 4 268,37 теңге мөлшерінде анықталсын.

5. "BDO Kazakhstan" ЖШС Биржаның 2026 жылға жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы болып белгіленсін.

6. Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2025 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

7. 2025 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төленсін.

8. Биржа Жарғысына енгізілетін № 9 өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.

9. 2025 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды адамдарының қызметіне оның қызметі мәселелері бойынша шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.

[2026-05-28]