28 мамырдан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ KZ2C00004539 (ORPTb1) облигацияларының айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 28.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 28 мамырынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ KZ2C00004539 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ORPTb1; 1 000 теңге, 3,5 млрд теңге; 18.07.19 – 18.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигациялары бойынша келесі ақпарат өзгертілді:
- облигациялардың айналым мерзімі жеті жылдан 14 жылға өзгерді.
Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен орналастырылды – толығырақ
2026 жылдың 28 мамырынан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталды, олар 2026 жылдың 08 мамырынан бастап тоқтатылған.
Бұған дейін осы тақырып бойынша 2026 жылдың 26 мамырындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ KZ2C00004539 (ORPTb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгерістерді тіркеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған – толығырақ
[2026-05-28]