26 мамырда KASE-де есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін KZKD00000717 (MUM180_0009) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 26.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есеп айырысуы 2026 жылғы 29 мамырда жүргізілетін KZKD00000717 (MUM180_0009) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 60 042 548 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды, шекті бағаны номиналды құнынан 80,9137% деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 17,05 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 80,9919% құрады (кірістілік – жылдық 17,00 %).
Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
"Бүгін KASE-де есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 2,5 жыл болатын KZKD00000717 (MUM180_0009) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайта мамандандырылған сауда-саттық өткізіліп жатыр" деген KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-05-26]