KZ
RU
EN
27 мамыр 2026, 14:13
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.05.2026 15:24 #Сауда-саттық ақпараты

26 мамырда KASE-де есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін KZKD00001236 (MUM108_0014) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 26.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін KZKD00001236 (MUM108_0014) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда- саттық өтті.

KASE хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 47 000 000 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды, шекті бағаны номиналды құнынан 95,7615% деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,12 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 95,7934% құрады (кірістілік – жылдық 15,11%).

Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

"Бүгін KASE-де есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 6 жыл болатын KZKD00001236 (MUM108_0014) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіліп жатыр" атты KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-05-26]