KZ
RU
EN
27 мамыр 2026, 14:15
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.05.2026 15:20 #Сауда-саттық ақпараты

26 мамырда KASE-де есеп айырысу 29 мамырда жүргізілетін KZKD00001293 (MUM156_0008) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 26.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есеп айырысуы 2026 жылғы 29 мамырда жүргізілетін мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 56 114 481 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды, шекті бағаны номиналды құнынан 94,5872% деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,10 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 94,9530% құрады (кірістілік – жылдық 15,03 %).

Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

"Бүгін KASE-де есеп айырысуы 29 мамырда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 12 жылды құрайтын KZKD00001293 (MUM156_0008) МЕУКАМДАРЫН орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілуде" атты KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-05-26]