Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жалғыз акционері қоғамның 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 26.05.26/ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (KASE тикері – FRMP) жалғыз акционердің 2026 жылдың 20 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның 18 762 737 701,78 теңге мөлшеріндегі 2025 жылдағы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- 9 727 054 216,56 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын;
- 9 035 683 485,22 теңге қоғамның иелігінде қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-05-26]